Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев барлық полицейлерді жұмыстан шығару туралы: Мен қазір бұл туралы ойлап жүрмін

Елбасы Атырау облысында өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлықты жою және құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін арттыру үшін көршілес республиканың саясатын мысалға алды.

Назарбаев заңгерлерді полицияға жұмысқа алуды ұсынды

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы барлық полицейлер жұмыстан шығарып, олардың орнына заңгерді қабылдаған Грузияны мысалға келтірді.

« Грузияда полицияда реформа жүргізілді. Онда мемлекет барлық полиция қызметкерлерін жұмыстан шығарып, құқық қорғау органына заңгерлерді алды. Грузия осылайша полиция қызметін тәртіпке келтілді. Менде қазір осы туралы ойланып жүрмін. Қазір оқу бітіріп, дипломмен жұмыс таба алмай жүрген қаншама заңгерлер жүр. Мүмкін, Грузия секілді бізде де полиция қызметкерлерін жұмыстан шығарып, олардың орнына заңгерлерді алу керек шығар», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, егер аймақтарда және елде жоғары оқу орындарына сәйкес келмейтін университеттер болса, оларды жабу керек. Елбасы жоғарғы оқу орындарының қызметін қоғамда жетіспейтін мамандарды дайындауға бағыттау керек екенін айтты.

«Бүгінгі күні елімізде ауыл шаруашылық саласында мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Қазақстанда ауыл шаруашылық университеттерін ашып, оған мамандарды тарту қажет. Мен тіпті онда қыздардың да жұмыс істеуіне қарсы емеспін. Бірақ қыздардың резеңке етік киіп, сиыр сауып немесе бұзаузарға екпе салып жүруі екіталай. Бұл мәселе туралы ойлануымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін  де Назарбаевтың қазақстандық полицейлерді грузиндік тәртіп сақшыларымен салыстырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау