Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Трамптың президент болуы Қазақстанға қаншалықты пайдалы екенін білмеймін

АҚШ-та өткен соңғы сайлау әлемнің алпауыт елдері арасындағы диалогтың орнауына жол ашады. Бұл туралы Астана клубының екінші отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

14-11-1DA8_2027

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«АҚШ-та өткен президент сайлауы әлемге жаңа үміт береді. Мен бұл жерде державалар арасында диалогтың орнауына жол ашатынтынын, сондай-ақ, олар ымырыға келе алмаған мәселелер бойынша бір тоқтамға келетіні туралы айтып отырмын. Ал Трамп мырзаның президент болып сайлануы Қазақстанға қаншалықты пайдалы екендігін білмеймін», – дейді елбасы.

Айта кетейік, елордада Астана клубының екінші отырысы өтіп жатыр. Маңызды жиынға әлемнің 50-ден астам жетекші сарапшысы, саяси және қоғамдық қайраткерлер және жаһанның 21 елінен келген ғалымдары мен жетекші қазақстандық сарапшылар қатысты.

 

Талқылау