Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев толерантты болудың не екенін түсіндіріп берді

Қазақстан президенті  талерантты болу деген , біреумен келіспеген жағдайда өзіңді басқара білу, өгеге деген ашуды тежей білу деп түсіндірді.  Сондай-ақ ол қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі толерантты, қалған бір бөлігін «қайта тәрбиелеу» керектігін айтты.

назарбайев

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Толеранттылық дегеніміз адам қандай бар болса оны сол күйінде қабылдай білу деді президент.

«Қолға қылыш алып біреумен соғысуға шығу емес. Бір күні ертеңгісін тұрғанымызда бәріміз бір-бірімізге ұсқайтын болып қалсақ. Бәрімізде бірдей бет-бейне, бір-бірімізден аумаймыз. Адамның аты адам түске қара кемшіліктерімізді табамыз. Толеранттылық дегеніміз қарапайым тілде егер сен түске қарай кемшіліктеріңді көре бастасаң, оны жариялаудың қажеті жоқ. Сен оны қалай бар солай қабылда,артық сөз айтпа»,-деді президент алғыс айту күніне орай жиналған шарада.

«Ерлік- бір затты айтқың келіп, өзіңді тежей алсаң. Әр отбасында осындай ерлік болса, барлық қиындық оңай шешілетін еді. Жастардың ажырасуы азайып бір-бірін түсінуге тырысатын еді. Адам жаратылысынан қандай болса,оны сол бойынша қабылдауға тырысу бір-біріңді жақсы жағына өзгертуге алып келеді. Оның кемшілігін бетіне басып, сынның астына алу болмайды. Толеранттылық дегеніміз қарапайым тілде осылай»,-деді президент.

Президент бүгін алғыс айту күніне орай барша қазақстандықтарды құттықтап әріптестерінен кешірім сұраған болатын.

 

 

Талқылау