Назарбаев СІМ-де қажетсіз елшілердің тым көптігін сынға алды

Сәрсенбі, 18 Қараша , 2015 13:26

Қазақстанның мүддесі бар елде  ғана Елшілік қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

назр111

Елбасы өз сөзінде елімізге инвестиция тарту мәселесімен айналысатын бір адам болуы керектігін, қажет болса, оған арнайы мәртебе беру керектігін атап өтті.

«Сыртқы істер министрлігі онсыз да осымен айналысуы тиіс. Басқа немен айналыспақ? Біз әлемдік саясат пен дипломатияны айқындайтын держава емеспіз», – деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы қай елге барсаң да, елшілердің немен айналысатындығын білмейтіндігін сынға алды.

«Өз істерін, экономиканы тіпті де білмейді. Сондықтан да бағдар мынадай болуы керек. Бұл жайында біз министрлік кездесулерінде, алқа мәжілістерінде айтатын боламыз. Барлық жерде қажет болсын, болмасын елшіліктер негізсіз ұлғайтылған. Министрлікте мұндай елшілер қаншама? Ал біздергі қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ. Біздерге қазіргі уақытта Қазақстанның мүддесі бар жерлерде ғана өкілдік қажет», – деді Н.Назарбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар