Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев шетел инвесторларына ақшаны қайда салу керектігін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды «ақ алтын» деп аталып кеткен «литий» металлын игеруге шақырды. Елбасы бүгін Астанада шетелдік ірі инвесторларды жинап олигархтарға бірқатар жаңа ұсыныстар жасады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1256179

Фото: Sputnik Казахстан

“Литий соңғы кезде “ақ мұнай” деген атты иемденіп жүр. Қазақстанда әлем бойынша сирек кездесетін металл түрлері көп. Әсіресе, литий. Шетелдік инвесторларды осы салаға ақша салуға шақырар едім. Бұл бастама энергетика үшін тиімді болмақ”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әлемде 2025 жылға қарай «литийге» деген сұраныс үш есеге артып, өндіріс көлемі жылына 550 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Оны қазір мамандар «мұнайдың жаңа түрі» деп те жүр. Яғни, «литийді» игеруге қаржы салған инвесторлар ұтылмасы анық. Ал өте сирек кездесетін мұндай металл қоры біздің елімізде мол. «Литийден» энергия сақтайтын батареялар істейді.  Бұдан бөлек, Қазақстанда баламалы энергия көзі де жеткілікті. Жел, су, күннен экологиялық таза энергия алуға еш кедергі жоқ. 2020-шы жылдың соңына дейін баламалы энергия өндіретін 50 нысан іске қосылады. Ал балама энергия көзінің үлесі 2050-ші жылға қарай 50 пайызға артуы тиіс.


Жіберіп алмаңыз:

Депутат Хаменова: Мен де елбасын жақсы көрем

Қыдырәлі Болманов ең өнерлі 5 шенеунікті атады

Жарнамадағы әдепсіздіктерге алаңдаған депутат “Просто Мария” киносын мысалға келтірді

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Талқылау