Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев шенеуніктерге шаң басып жатқан кітаптарды алып ауылға баруды тапсырды

2013 жылғы телекөпір барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында әрбір қазақстандықтарға пайдасы тиетін, шағын кәсіпкерлік туралы 100 мысалды қамтитын  кітап шығаруды тапсырған болатын. Бір жылдан кейін, яғни, 2014 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мүдделі тараптармен бірге «Шағын кәсіпкерлікке арналған 100 жаңа жоба» атты кітап шығарды.

президент

2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы индустрияландыру қорытындысы жөніндегі кеңес барысында Назарбаев сол кітапты шаң басып  жатқанын айтып, шенеуніктерге сол кітаппен ауылға баруды тапсырды.

«Біздің атқарып жатқан барлық жұмысымыздың негізгі мақсаты –  халықты жемісті жұмыспен қамту, халыққа лайықты табыс табуға мүмкіндік жасау. Яғни, халық табысын арттыру –  мемлекет саясатының басты мақсатына айналуы керек. Бұл үшін біз келесі міндеттерді атқаруымыз керек.

Біріншіден. Халықты жаппай кәсіпкерлікке бұру жұмысын ары қарай жалғастыру қажет. Халыққа өз ісін ашу үшін мүмкіндік беру керек. Әсірісе, ауыл халқына. Соның ішінде, әсіресе, жастарға.  Өз ісін ашу үшін халықтың бастапқы капитал алуына мүмкіндік жасап, шағын несие беруді көбейту керек. Ұмытып қалмасаңыздар, кезінде біз «100 бизнес-жоба» атты кітап шығарған едік. Солай ғой,  Бақытжан (ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев – агенттік). Қалың кітап болған. Асқар (қазіргі Ауыл шаруашылығы министрі, кезінде ОҚО әкімі болған Асқар Мырзахметов – агенттік) біледі, кезінде облыс басқарғанда алған. Сіздердің барлықтарыңыз сол кітапты алғансыздар. Әрбір ауылда, әрбір ауданда қандай өндіріс ашуға болатынын жазып, сызып көрсеткен кітап болатын. Ұмытып қалдыңыздар ма? Қазір сол кітапты шаң басын жатқан шығар… Алыңыздар да, шаңын қағыңыздар. Ауыл, аудан, облыс, қалада жауапты адам тауып, сол кітапты құшақтап, ауылға келіп, ауылдағы халыққа бизнес ашудың жолдарын үйрету маңызды»,-деді .Назарбаев.

 

Талқылау