Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Сайлау жайдан-жай өтіп жатыр деп ойламау керек

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының мүшелерін сайлау науқанына жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев: Сайлау жайдан-жай өтіп жатыр деп ойламау керек

«Бұл жерде әркім өзінің отанын сезініп, ертеңгі күніне сенімді болуы қажет. Бақытты адам үшін бұдан басқа не керек? Ертеңіне сеніп, жаңа ұрпақты тәрбиелеп, жұмыс істеуі тиіс. Міне, қарапайым дүниелер. Осыны түсініп, онымен жұмыс істеуіміз керек. Алдағы бір жарым айда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Сайлау жайдан-жай өтіп жатыр деп ойламау керек. Еш жерде әлсіздік танытпауымыз қажет», - дейді Елбасы Nur Otan партиясының съезінде. 

Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы  өтеді. 23 сәуірде Nur Otan партиясы қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
 

Талқылау