Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Санкциялар мен саяси ойындарды ұмыту керек

Мұндай шаралар экономиканы тұралатқаннан басқа ешқандай пайда әкелмейді. Бүгін ақордада Қазақстандағы әр елдің елшілерімен жиын өткізген Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

сыыысс

Сурет newskaz.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әлемдік дағдарыс мәселесіне тоқталған президент, бұл ретте жан-жақты әріптестік, ынтымақтастық қана, барлық тарапқа тиімді болады деді. Сондай-ақ, экономикаға саясатты араластырмау қажеттігін тағы да ескертті. Сириядағы шиеленіс пен көршілес Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға да кері әсері бар екенін алға тартқан мемлекет басшысы, қиын кезеңде әлем елдері арасындағы бейбіт қарым-қатынасты сақтап қалу барысында елшілердің жауапкершілігі зор екеніне де тоқталды.

“Қазақта «елдестірмек елшіден» деген дана сөз бар. Бұл нақыл ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын сіздердің қызметтеріңізді айшықтай түсетіні белгілі. Екі жақты ынтымақтастық, қарым-қатынасымыздың жан-жақты өрістеуіне қуатты серпін береді деп сенемін”, – дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев.

Талқылау