Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Рождество діндарлардың жү­регін ерекше қуанышқа, таза пейілге кенел­теді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

20150113153313

Бұл мереке адамдардың бойы­на сенімнің, үміттің және сүйіс­­пен­­ші­ліктің сәулесін дарытып, дәс­­түр­лі рухани-адамгершілік құн­­­ды­лық­тардың айналасына бірік­­тіруде.

Рождество діндарлардың жү­рек­­терін ерекше қуанышқа, бақыт­­­қа және таза пейілге кенел­теді. Бұл өзара түсіністік пен мейі­рім­­ділік­тің, жақын жандарға қамқор­­­лық­­тың және көмекке зәру адам­дарға ­шынайы көңіл бөлудің уақыты.

Барлық конфессиялар өкіл­дерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда.

Жарқын Рождество ме­рекесінде шын жүрегімнен бар­шаңызға зор денсаулық, ба­қыт, молшылық және игілік тілеймін, делінген Елбасының құттықтауында.

 

Талқылау