Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ресейдің қай өңірлерінде болғысы келетінін айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің қай өңірлерінде болғысы келетінін айтты.

Фото: Евгений Биятов

Челябинскте өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумында елбасы көп елде туризмнің маңызды рөл атқаратыны айтты.

Президент Ресейдегідей Қазақстанда да демалыс орнының көп екенін алға тартты.

«Мәселен, ресейліктер жазда біздің Бурабайға, Балқаш пен Алакөлге, Шымбұлаққа келіп демалады. Демалысты біздің туроператорлар арқылы өткізуге болады. Мен өзім Қиыр Шығыс елінде, Камчаткада болуды армандаймын. Бір ыңғайы келмей қойды. Байкал да, Санк-Петербург те, Мәскеу де өз алдына бір төбе. Көрдіңіздер ме, мен қазақстандықтарға насихат жүргізіп үлгердім», – дейді елбасы.

Тағы да оқыңыз:

Путин СҚО әкімінің фамилиясын әзілге айналдырды

Назарбаев Путинмен бірге сыра ішкен кезін айтып берді

Бетіне шығып секірді: Қарағандыда куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай ұрғанын айтып берді

Талқылау