Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Ресей мен Түркия үшін ең дұрыс жол – келіссөз

Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы қалыптасқан ахуалға қатысты өз пікірін білдірді.

20151213204318

Мемлекет басшысы әңгіме барысында Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдай Қазақстанды алаңдатпай қоймайтынын атап өтті.

«Ресей біздің ең жақын көршіміз, біз ол елмен бір экономикалық одақта тұрмыз. Рубль девальвациясының қалай әсер еткенін білесіздер. Егер осындай олқылықтар болмаса, біздің экономикамыз бұдан жақсы болатын еді. Ал Қазақстан Түркиямен де, Ресеймен де жақсы қарым-қатынаста отырмыз. Мен оқиға басталғаннан бастап, позицияларды жақындатуға барымды салдым. Бұл ешкімге де пайда әкелмейді: Ресейге де, Түркияға да. Егер ақылға салсақ, бұл жағдайдан шығу керек. Ал ең дұрыс жол – келіссөз, консенсус», – деді Н.Назарбаев.

Талқылау