Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агентті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агентті. Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласынының тұрғын үй ғимаратында жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны жайлы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және өз атымнан құрбандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. көңіл айтып, көңіл айтуды сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласынының тұрғын үй ғимаратында жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны жайлы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және өз атымнан құрбандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорск қаласында он қабатты тұрғын үйдің бірінің подьезі жарылып, адамдар қаза болды. Газ жарылысынан 25 пәтердің күл-талқан шығып, 10 пәтер жартылай опырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, Магнитогорск қаласындағы  төтенше жағдайдан қаза болғандардың саны 19-ға дейін жеткен. Кейіннен құтқарушылар 20 градус аязда 1 тәуліктен аса уақыт үйінді астында жатқан 11 айлық сәбиді тауып алған болатын.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр