Назарбаев Путинмен арада өрбіген жеке қарым-қатынастарын жоғары бағалады

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 17:48

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинді екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың басталғанына 25 жыл толуына орай құттықтады.

ҚР президентінің сайтында жарияланған құттықтау жеделхатында Қазақстан мен РФ арасындағы жағдай 2013 жылдың 11 қарашасында жасалған бауырмалдылық пен одақтастық келісімі негізінде өрбіп келе жатқаны айтылған.

Қазақстан көшбасшысы Ресеймен Евразиялық экономикалық одақ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ аясында қарым-қатынасты дамыту – екі мемлекет арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды элементі екенін атап өтеді.

Елбасы сондай-ақ, Владимир Путинмен арада өрбіген жеке қарым-қатынасқа да мән беріп, оны жоғары бағалап, РФ басшысына мықты денсаулық, табыс тілейді.

Бұған дейін Путин де Назарбаевты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың басталғанына орай, мерейлі датамен құттықтаған еді.

Оқи отырыңыз:

Сағынтаев баспана кезегі үлкен өңірлерде үйлер аз салынып жатқанын айтты

Ұлттық бюро Храпуновтар отбасына айып тақты

Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар