Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Путин Украинаның шығыс бөлігін жаулап алуды ойлап отырған жоқ

Қазақстан президенті Украинаның жағдайына қатысты пікірін айтты.

Назарбаев: Путин Украинаның шығыс бөлігін жаулап алуды ойлап отырған жоқ

Елбасы бұл туралы «Ресей 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Елбасы Украинаның Ресеймен бұрынғы қарым-қатынасты қалпына келтіретінінен үміттенеді. Мемлекет басшысы Путиннің Украинаның шығыс жерлерін басып алуды жоспарламайтындығын түсіндірді.

«Путиннің Украинаның бір бөлігін басып алуға деген ниеті жоқ екенін білемін, Ресей онсыз да әлемдегі ең үлкен аумаққа ие», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Украина туралы алаңдаушылық білдіріп, оған барлық мәселелерді жедел шешуді тіледі.

«Мен Ресей мен Украинаның арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуін қалаймын, яңни барлық елмен қатынастың жақсарғанын қалар едім», – деді президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ басқа да көшбасшылармен достық қарым-қатынастарды сақтау кез келген мемлекеттің дамуы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау