Назарбаев христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Сенбі, 30 Сәуір , 2016 9:25

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие христиандарын, барша Қазақстан азаматтарын жарқын Пасха мерекесімен құттықтады.

12

Фото: nazarbaev.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Құрметті отандастар! Православиеліктер Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мəнге ие. Біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық үнқатысудың бірегей үлгісі қалыптасқан. Мəңгілік адамгершілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей жəне қолдай отырып, біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайта білдік. Христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор. Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруға бағытталған бастамаларын əрдайым қолдайды. Достық, өзара құрмет пен түсіністік қатынастар біздің мақтанышымызға, ортақ игілігімізге айналды. Бүгін Пасха мейрамы адамдарды жақсы іс-əрекеттерге, мейірімділікке жəне айналасындағыларға қамқорлық жасауға шабыттандырады, адамдарға шаттық пен татулық сыйлайды, жүректерінде үміт, сенім мен шынайылық сезімдерін сақтауға көмектеседі”, – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Құттықтауының соңында Нұрсұлтан Назарбаев осынау мереке күндерінде барша қазақстандықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілейді.


Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Папуастармен жүруді тоқтату керек

Назарбаев Астана әкімін Талдыкөлдегі киізүйге көшіріп жіберетінін айтып қорқытты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Самал says:

    Елбасымыз барлық жағдайды жақсы ойластырып, барлық ұлттардың қуанышына ортақтасып отырады.

  • Олжас says:

    Тыныштықты дәріптеген елміз, осындай мерекелерінде құттықтап, бауырмал ел екенімізді білдіріп отырғанымыздың артықтығы жоқ!

  • Лаура says:

    Мереке құтты бослын!

  • Бақыт says:

    Пасха мейрамы құтты болсын. Өзге ұлттармен тату тәтті өмір сүретін тату еліміздің тыныштығы кетпесін.

  • Айару says:

    Бізде құттықтаймыз православиеліктерді

  • Жансұлу says:

    Ұлттар аралсындағы татулық сақталсын десек, бір-бірімізге деген сыйымыз дәл бүгінгі кундей болсын. ағайын!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар