Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев пен Путин Челябинскідегі форум барысында қандай мәселелерді талқылайды?

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Челябинскіде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды.

Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 9 қарашада Челябинскіде қос елдің аймақаралық ынтымақтастығының 14-форумына қатысады. Бұл жолы Ресей-Қазақстан форумының негізгі тақырыбы адам капиталының дамуы болады.

Форумның жалпы отырысы алдында Путин мен Назарбаев кездесу өткізбек. Қос елдің басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған. Оның ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды.


Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанның жаңа президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты

Моңғолиядағы қандастар бұдан былай Қазақстанға көшіп келе алмауы мүмкін

Еліміздегі Суретшілер Одағының басшылығына «талас» қызу жүріп жатыр

Шетелдегі бизнесін жасырған қазақстандық министрлердің өтірігі ашылды

Талқылау