Назарбаев СҚО-ға қоныс аударғандарға арналған үйлердің құрылысымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барып, Қазақстанның басқа өңірінен келген қоныс аударушыларға арналған тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Елбасы көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында өзінің өмір жолы туралы айтып өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барған сапарында Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қоныс аударушыларға арналған 14 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жаңа тұрғын үй Ильичевка ауылында бой көтеруде.
Бейресми әңгімелесу барысында Елбасы мемлекет қоныстанушыларға қолдау көрсету үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын айтты. Сондай-ақ, Назарбаев кездесу барысында өзінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді.
«Менің Алматы қаласының маңында ауылда туып-өскенімді білесіздер. Туған өлкемнен 17 жасымда кеттім. Мен осы шешіміді қабылдағаннан кейін түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Алдымнан шыққан қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасайсыздар» , – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы сөз соңында жаңа қоныстанушыларға мықты денсаулық, мол табыс, бақыт тіледі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.