Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Өзінде мақтан тұтарлық ештеңесі жоқтар ұлтшыл болады

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлтшылдық мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сессия «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен ашылған болатын.

«Егер біреу біреуден артықпын деп айта бастаса бұл не болады? Жаңылмасам, Виктор Гюго «ұлтшылдық – бұл жексұрындардың ең соңғы барып тығылатын, бас сауғалайтын жері» деген еді. Яғни, өмірде өз орнын таппағандардың құралы. Өзінде мақтан тұтарлық ештеңесі жоқтар сөйтеді. Жетістігі де жоқ, білім де, айналысатын ісі де жоқ. Солай болғандықтан, өздері ұлттық мақтанды алға шығарғысы келеді. Жауапкершілігі жоқ тобырдың арасына барып, бәрін қорғаймыз деп айтатындар солар. Олар, түптеп келгенде, ешкім де емес. Сондықтан да, бұны дұрыс түсінуге тиіспіз. Олай болмаса қалай? Біз АҚШ-қа барып, Германияға барып өздеріміздің ерекшелігіміз туралы әңгіме айта аламыз ба?», – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, елбасы бүкіл өркениетті әлемнің көзқарасына тоқтала келе, «біздің ұрпақтың планета адамы болып тәрбиеленгенін» қалайтынын жеткізді.

«Планета адамын қалыптастыру елдің ішінен басталады. Біз соған тәрбиелеуіміз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды

Талқылау