Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент орысша сөйлегенге қазақша жауап беретін шенеуніктерді жұмыстан қууды тапсырды

Қазақстан Республикасның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілінің қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылуына қатысты заң бұзушылыққа жол беруді нағыз тәртіпсіздік деп атады.

10930778

Сурет ҚР президенті ресми сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Кейбір белсенді шенеуніктер күні ертең-ақ барлығын қазақша сөйлеуге мәжбүр еткісі келеді. Маған, орыс тілді кісі кеңсеге кіріп орысша сөйлейді, бірақ, ол жауапты қазақ тілінде алады деген ақпарат жетті. Бұған кім рұқсат етті? Неге прокуратура Қазақстанның заңын бұзып отырғандарға қарамайды? Егер ол орыс тілінде сұраса, демек сол тілде жауап алуға міндетті”, – деді президент Алматыны дамытуға арналған жиында.

Президент, Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін айтты.

“Көп президенттер тек бір тілде сөйлейді. Путин орысша, түрік басшысы түрікше, ал мен үнемі екі тілде сөйлеймін. Мен мұны өзіме ұнағаннан сөйлемеймін, еліміздегі барлық тұрғын түсіну үшін солай істеймін”, – деп атап өтті ол.

Президенттің айтуынша, орыс тілін менсінбей, сол арқылы өзгенің намысына тию заңмен жазаланады.

“Мен ескертемін: “президент аппараты барлық облыс бойынша тексеру жүргізеді. Тоқтатыңдар мұндайды! Кім солай істесе, жұмыстан босайды. Өйткені ол заңды бұзып тұр!” – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Президент іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 2025 жылы енгізілетінін жариялады.

Талқылау