Президент орысша сөйлегенге қазақша жауап беретін шенеуніктерді жұмыстан қууды тапсырды

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 15:08

Қазақстан Республикасның президенті Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілінің қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылуына қатысты заң бұзушылыққа жол беруді нағыз тәртіпсіздік деп атады.

10930778

Сурет ҚР президенті ресми сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Кейбір белсенді шенеуніктер күні ертең-ақ барлығын қазақша сөйлеуге мәжбүр еткісі келеді. Маған, орыс тілді кісі кеңсеге кіріп орысша сөйлейді, бірақ, ол жауапты қазақ тілінде алады деген ақпарат жетті. Бұған кім рұқсат етті? Неге прокуратура Қазақстанның заңын бұзып отырғандарға қарамайды? Егер ол орыс тілінде сұраса, демек сол тілде жауап алуға міндетті”, – деді президент Алматыны дамытуға арналған жиында.

Президент, Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін айтты.

“Көп президенттер тек бір тілде сөйлейді. Путин орысша, түрік басшысы түрікше, ал мен үнемі екі тілде сөйлеймін. Мен мұны өзіме ұнағаннан сөйлемеймін, еліміздегі барлық тұрғын түсіну үшін солай істеймін”, – деп атап өтті ол.

Президенттің айтуынша, орыс тілін менсінбей, сол арқылы өзгенің намысына тию заңмен жазаланады.

“Мен ескертемін: “президент аппараты барлық облыс бойынша тексеру жүргізеді. Тоқтатыңдар мұндайды! Кім солай істесе, жұмыстан босайды. Өйткені ол заңды бұзып тұр!” – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Президент іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 2025 жылы енгізілетінін жариялады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    ЖАКСЫ ОЙДА БОЛАЙЫК

    • Дархан says:

      Бұл – мемлекеттік тілгіе жасалған қастандық, ҚР-да әр азамматтың өз тілінде сөйлеу құқығы бар.

  • Жұмбақ жан says:

    корқудың қажеті жоқ. орыс тіліндегі өтінішге қазқша жауап бергеннің өзінде жұмыстан шығаруға құқығы жоқ.

  • Жұмбақ жан says:

    қазақ тылін солай қоргаса гой шіркін. қазақ елі болгандықтан басқа ұлттар міндетті тұрде қазақ тілін ұйренуі керек. қазакстан қазақ ұшн ел болып тұрма жоқ басқалар ұшін омір сұреме. біз қазақ байқус қашанда елге жаутақтап журеміз.

  • Жұмбақ жан says:

    қазактың тілін солай қоргаса гой шіркін. қазақ елі болгансоң баска ұлттар казакша білуі міндетті гой.

  • Жұмбақ жан says:

    Бердібек Сапарбаев дұрыс айтады.

  • Жұмбақ жан says:

    Ауылдың көп адамдары орысша білмейді,сонда олар не істеу керек,онда барлықтарына орыс курстарын өткізсін тегін

  • Жұмбақ жан says:

    Бұл Бердібек Сапарбаевқа ашық ескерту.

  • Жұмбақ жан says:

    Көптеген қазақ тілді азаматтарымыз орыс тілін қанық білмегендіктен өз сұрақтарына жауап ала алмайды. Сонда оларға қолданар шараңыз қандай. Өз елінде өз тілінде сөйлегені үшін жазаланса онда біз қайда бара жатқанымыз

  • Жұмбақ жан says:

    Ал орысша білмесек, қай тілде жауап береміз?

  • Жұмбақ жан says:

    онда қазақша сөйлегендерге қазақша жауап беруді де талап етсін елбасы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар