Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Сейсенбі, 5 Шілде , 2016 9:42

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады.

80369f0b-2b7e-410a-a1cb-024f371bd2d1

Бұл туралы Akorda.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ораза айт – бірліктің мерекесі екенін, ол қазақстандықтарды біріктіретінін, бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтінін айтқан.

“Құрметті отандастар! Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі. Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі. Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы”, –  деді Елбасы.

Президент тәуелсіздіктің 25-ші жылына аяқ басқан Қазақстанның өсіп-өркендеп, дамудың даңғыл жолында келе жатқаны айтылған.

“Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі. Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!  Ораза айт мерекелеріңізбен!”, – делінген хабарламада.

Ораза айт Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Бұл мейрам бірліктің, мейірімділіктің, адамгершіліктің, жақсылықтың белгісі ретінде сипатталады. Бұл күндері мұсылмандар “Ораза Айт қабыл болсын!” деп бір-біріне қонаққа барып, дастарханнан дәм татады.

“Айт” сөзі мерекелеу, бір-біріне құрмет көрсету, қуанышты бөлісу деген бірнеше ұғымды қатар береді. Бұл айт намазынан бастау алатын отбасылық мереке.

Бұған дейін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтаған болатын.

Еске сала кетсек, биылғы пітір садақа көлемі 200 теңгені құрады. Барлық мұсылмандар үшін міндетті саналатын Рамазан айы 6 маусымда басталып, 29 күнге созылды. Ал 2 шілде күні ел мұсылмандары қасиетті Қадір түнін қарсы алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

19
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар