Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев өмірде жетістікке жетудің сырымен бөлісті

Бақытты болу үшін президент болу міндетті емес. Бүгін Қазақстан жастары форумына қатысқан елбасы осылай деді.

22222222222222

«Біз сапалы білім мен Қазақстанның болашағына белгі қойдық. Сол себепті білім беру жүйесіне көңіл бөлудеміз. Осы жылдар ішінде шамамен 1500 жаңа мектеп салынды, жөндеу жүргізіп жатырмыз, үш ауысымды оқудан және апаттық мектептерден бас тарттық. Бұл мүлдем бұрынғыдай мектептер емес, жаңа заманауи әрі зияткерлік мектептер. Онда тек оқу озаттары, республикалық, әлемдік байқаулардың жеңімпаздары қабылданады», – деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, мүмкіншілік барлық адамға бірдей берілмейді.

«Ата-аналар балаларына міндетті түрде оқу керек екенін, болашақта оның президент болатынын айтады. Еш қарсылығым жоқ, президент болсын. Бірақ бұл ой баланың миына кіріп алады. Егер ол президент болмай қалса, сағы сынады. Бақытты болу үшін президент болу шарт емес. Керісінше болуы да мүмкін. Бір әзіл айтып берейін.

Бір кездері Ельцинге: «Борис Николевич, немереңіз президент боламын дейді», – дедік. Ол: «Ресейге екі президенттің қажеті не?» деп жауап берді. Айтқым келгені, жастардың құлағына шынайы орындалатын нәрселерді құю керек. Ең бастысы – адамды жеткізіп, білім алып, жақсы мамандық алып шығып, сапалы білім алу қажет. Сонда өмірде биік белестерге жетесің», – деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев жастарға Uber-ді ойлап табушылардан үлгі алуға кеңес берді

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

Президент жастар мен әжелер туралы қалжыңдады

Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Талқылау