Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев офшордағы қыруар қаржыны қайда жұмсаудың жолын тапты

Нұрсұлтан Назарбаев офшордағы ақшаға салық салып, оны қайда жұмсаудың жолын айтты. Қазақстан президенті жасырылған триллиондардың 1 пайызын кедей елдердің білімі мен денсаулық сақтау саласына бөлуді ұсынып отыр. Осындай бастама көтерген Назарбаев бүгін Астанада өтіп жатқан экономикалық форумға қатысып, өз болжамдарымен бөлісті. Сөйтіп, Нобель сыйлығының лауреаттары, экс-президенттер, білікті экономистермен бірге дағдарыстан құтылудың жолдарын қарастырды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

- 2014, 1 17

Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлшегі. Державалардың өзара тартысы кезінде, мұнайдың бағасы аяқасты құлдырап, дамудың тежелетіні белгілі. Сондықтан геосаяси қырғи-қабақтың кесірі «қара алтын» сатып күнін көріп отырған Қазақстан сияқты елдер үшін үлкен соққы. Тығырықтан шығу үшін ресми Астана мұнайға тәуелді болмайтын экономикаға ауысуды жоспарлап жүр.

Мұнай экспортына үйреніп қалған мемлекеттерге бұл бір күннің шаруасы емес. Сенген қазба  байлықтары түгесілетіндіктен, ендігі табыс көзі – білім мен инновацияда. Бұны бәрі жақсы білгенімен, жаһандық экономика алпауыт елдер арасындағы геосаяси ойындардың «құрбаны» болып отыр. Ал осы кезде көптеген елдер бір үзім нанға зар, балалары әріп танымайды, денсаулығы да дімкәс. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев ақшасын офшорға тыққан әлемнің дөкейлері мен байларына кедей елдерге мектеп пен аурухана салып беруді ұсынды.

«Бүгінде әлемдік мамандардың бағалауы бойынша, офшор есепшоттарында 30-40 триллион доллар бар. Бұл активтерге ең болмаса жаһандық 1 пайыз салықты енгізу дамушы елдердегі білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасар еді. Бұл салықтан түскен қаражатты жоғарыда аталған адам капиталының дамуы қорына салуға болар еді», – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Яғни, ұсыныс қолдау тапса ғаламдық оффшорға салынған салықтан түскен қаржы Біріккен Ұлттар ұйымы жанынан құрылатын қорға аударылуы тиіс. Халықаралық деңгейде бірнеше бастама көтерген Елбасы әлем экономикасы өзгерісті қалап отырғанын ашық айтты. Бірақ, сенім жоқ жерде ауқымды реформа жасау мүмкін емес. Сондықтан дүниежүзі жік-жікке бөлінуі емес, бірігуі қажет.

«Я прекрасно помню период холодной войны. Я был на руководящих должностях, когда все делились по военным, экономическим и политическим блокам и вообще не воспринимали друг друга никаким образом. Даже простых людей не воспринимали в других странах, тех, кто находился в такой конфронтации», – Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал форумда сөз сөйлеген әйгілі қытайлық миллиардердің ойынша,   алдағы 30 жылда әлемді интернет өзгертпек. Джек Ма жаңа технологиялардың күшін айта келе, Қазақстанға шағын кәсіпорындар ашу арқылы экономиканы көтеруге кеңес берді. Бұл сөзді естіген Назарбаев, маңызды стратегиялық жоспарларымен бөлісіп, 25 жылдағы жетістікті шетелдік меймандарға тізуді ұмытқан жоқ.

«Тарих үшін бір сәт қана болатын ширек ғасырда біз картада шекарасы жоқ мемлекеттен әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарынан табылған мемлекетке айналдық. Бір сеніммен айта алатыным, қазақтар мен қазақстандықтар дәл қазіргідей жақсы өмір сүрген емес», – дейді Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана төрінде отырып ғаламның ақылмандары айтқан ұсыныс өте көп. Десек те, жиналғандар нақты болжам жасаудың мүмкін еместігін айтады.

 

Талқылау