Назарбаев мұсылмандар арасында Нобель сыйлығы иегерінің санын арттыруды ұсынды

Бүгін  елорда төрінде  басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Исламның ХХІ ғасырда әлемдегі ең көп тараған дінге айналатынын айтты.

23651-6-nazarbaev_kazahstan_v__ru

Сурет: liter.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Ислам – бүгінде қарқынды дамып келе жатқан дін. ХХІ ғасырда ол әлемдегі ең көп тараған дінге айналады. Пайғамбар хадисінде “бесіктен қабірге дейін білім іздеңдер” деп айтылған. Біздің басты міндетіміз – ислам өркениетіне қызмет ететін, жаңа идеяларды жүзеге асыратын интелектуалды жаңа элитаны тәрбиелеу. Қоғамдастық мемлекеттерінде 1 млн тұрғынға шаққанда зерттеушілердің саны 615 адам болады. Ол әлемдік орташа көрсеткіштен  2,5 есе аз. Ислам әлемінде ғылым бойынша, Нобель сыйлығының тек қана 2  лауреаты бар.  Олар Пәкістан физигі Мохаммед Абдус Салам мен Мысыр химигі Ахмед Хасан Зевейл. Осы  жағдайды күрт өзгертуіміз керек”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаевқа ЭКСПО-ны өткізгені үшін алтын медаль берілді

Астанадағы ИЫҰ саммитінде Мьянмадағы мұсылмандар ахуалы талқыланады

Назарбаев Ердоғанға: Екеумізге жұмыс көп

Реджеп Тайып Ердоған: Қазақстанда өз үйімдегідей сезінемін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар