Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Миллион тұрғыны бар қалалар санын көбейту керек

Миллион тұрғыны бар қалаларды көбейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес барысында айтты.

photo_53094

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Миллион тұрғыны бар қалаларды қалыптастыруға барынша көп көңіл бөлемін. Өйткені, ірі қалаларда жаңа технологиялар жасалады. Бұл әлемге белгілі тәжірибе», – деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы бағытта республикалық бюджеттің басты доноры, мәдени және туристік орталық ретінде Алматы қаласы көшбасшы болып келе жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, қазір кезде Алматының қатарына Астана мен Шымкент қосылып келеді.

Президент бүгін Алматыға келген іссапарында қаланың мың жылдығын атап өту кезінде ешқандай көбояушылыққа жол бермеуді қадап айтқан еді. Сондай-ақ, қаланы дамыту бағытындағы жиында Алматы әуежайын үлкейтуге қатысты ойын да айтып қалды.

Талқылау