Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев мерзімсіз президент сайлауына қатысты қауесетті жоққа шығарды

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ құралдарына берген сұхбатында өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, мерзімсіз президент сайлауына қатысты қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Назарбаев мерзімсіз президент сайлауына қатысты қауесетті жоққа шығарды

Фото: Ақорда

“Парламентке қатысты ешқандай сұрақ жоқ. Оларды қайта сайлауға негіз жоқ. Олар өзінің заңдық рөлін атқаруда. Кеше жылды қорытындыладық. Біздің ұсынарымыз – жаңа бағдарлама, бағыт, заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету – барлығы табысты жүріп жатыр. Конституцияға өзгеріс енгізді. Елімізде жеті партия бар. Қазір маслихат депутаттары да партиялық тізім бойынша сайланады. Сондықтан парламент сайлауының уақыты – 2021 жылға ссәйкес келеді, сол кезде сайлау болады”, – деп атап өтті елбасы.

Нұрсұлтан Әбішұлы мерзімсіз президент сайлауына қатысты қауесетті жоққа шығарды.

“Президент сайлауы – 2020 жылдың желтоқсан айында өтеді. Әлі екі жыл бар. Оны несіне айтып отырмыз. Уақыт жақындасын сол кезде сөйлесеміз”, деп мәлімдеді президент.

Айта кетейік, Назарбаевтың мандаты 2020 жылы аяқталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау