Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетіні туралы қауесетке жауап берді (видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде президент сайлауы мерзімінен бұрын өтпейтінін мәлімдеді. Ол өзінің Конституциялық кеңеске не үшін жүгінгенін түсіндірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Бірақ, бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңымызда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек», – дейді елбасы.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық кеңесіне өтініш беріп, Конституцияның 42-бабы 3-трмағына қатысты түсіндірме беруін сұрады.

«1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған сәттен бастап осы күнге дейін Конституциялық Кеңеске 220 өтініш, соның ішінде Президенттен 22 өтініш жолданды. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заңға сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияға ресми түсіндірме беруге құқылы. Заңнамада олқылықтардың орын алуы – болып тұратын жағдай», – дейді президент.

Елбасы өзіне Конституцияда мемлекет басшысы қандай жағдайда өз қызметінен ерікті түрде кете алатыны, яғни отставкаға кете алатыны туралы сұрақ қойылғанын айтты.

«Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар. Бұл аспектілердің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Конституциялық Кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым», – дейді Назарбаев.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау