Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Барлығы 1992 жылы дүкен сөрелерінің бос болғанын ұмытып кетті

Тәуелсіздік күніне орай Ақорда баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Елбасының сұхбаты жазылған мұрағатты видеоны жариялады. Видеода Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарға тоқталып, мемлекеттің кризисті жағдайларда құрылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

“Сенің шешіміңнен күллі халықтың тағдыры шешілетінін түсіну ең қиын сәт. Қазақстан ұлты ең көп мемлекет. 130 ұлт, 45 діни конфессиялар бар. Тәуелсіздікті жариялау туралы шешімді қалай қабылдау керек? Мен басқа жолдың қалмағанына халық өзі көз жеткізетіндей амалдар жасау керек едім. Барлығы 1992 жылы дүкен сөрелерінің бос болғанын ұмытып кетті. Қант та, тұз да, киім де жоқ болды. Ауылға барғанымда менен екі нәрсені сұрайтын. “Темекі бер”, “қант бер” дейтін. Біз мемлекетті кризистік жағдайларда құрдық. Мен Президент ретінде елім мен халқыма қажет деп санаған дүниені жасап жатырмын”, — дейді Елбасы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 2018 жылы 27 жыл толды. Әлем елдері бір-бірімен жарыса бүкіл қазақстандықтарды маңызды тарихи күнмен құттықтады.

Талқылау