Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Мен президент болуды армандаған жоқпын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінде мемлекет басқаруды армандамағанын айтты. Оның ойында тек әркез бірінші болу керек деген ұғым қалыптасқан.

1448862896yur1c_1000x768 (1)

Сурет vlast.kz

Бүгін “Хабар” арнасынан президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілген болатын.

“Президент болу туралы айтар болсақ – жұлдыз солай жанды деп айтуға болады. Мен бала кезімде, мектепте, университетте де президент болсам деп армандаған емеспін. Бірақ менде бір нәрсе болды, ол әрқашан бірінші болу. Мәселен, мектепте сынып басшысы болдым”, – деді Назарбаев “Мемлекет басшысы” деректі фильмінде.

“Мені тағайындаған кезде есімде, Горбачев менен Мәскеуде сұрап жатыр: Сенде күш бар ма? Негізі бар секілді, мұны неге сұрадыңыз? Ал ол айтады: Алда үлкен жұмыс, күрес бар деді”, – дейді Назарбаев.

Фильм барысында 90 жылдардағы кадрлар да көрсетілді.

“Мені бірінші президент қылып таңдады. Мен мұны қаладым ба, жоқ па. Бірақ мен өз кандидатурамды алып тастамадым, қарсылық білдірген жоқпын. Демек қалағанмын, бұл өте жағымды. Әйтсе де ол уақытта өте сұмдық болды. Кеңес Одағы құлдырады. Экономика жұмыс істемейді. Бәрі қиын жағдайда еді”, – дейді президент.

Талқылау