Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Мен де ауыл баласымын, бір сиыр асыраудың қандай қиын екенін білем (видео)

Елбасының 1993 жылы Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездескен сәті желіде жарияланды.

Видеоны ҚР президентінің баспасөз қызметі жариялады.

Кадрда 53 жастағы елбасының Маркс совхозы тұрғындарымен кездескен сәті көрсетіледі. Елбасы совхоздың мал шаруашылығымен танысты. Тұрғындарды нарықтық экономикаға көшуге кеңес берді.

“Сіздер қалай өмір сүрмексіздер? Бұрын Кеңес Одағына жұмыс істедік. Кейін бұйрық келді, бәрін таратты. Қазір мемлекет ретінде мұндай шығындарды мемлекет есебіне арта алмаймыз. Сондықтан адамдарды осы істің маманы болуға үйрету керек. Егер ол өз ақшасына 600 мың қой ала алса, оған мүмкіндік беру керек”, – дейді Назарбаев.

Осыдан соң елбасы Шевченко совхозы тұрғындарымен кездесті. Елбасы мұндағы нанның дәмді екенін атады.

“Мен елдің бай тұрғанын қалаймын. Мен де ауыл баласымын, бір сиыр асыраудың қандай қиын екенін білем. Бір сиырды суғарып, бағып, бұзауына қараудың өзі жұмыс”, – дейді елбасы.

Айта кетейік, 1993 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғанына екі-ақ жыл болған жас мемлекет еді. Ол кезде үкіметті Сергей Терещенко басқарды. Ауыл шаруашлығы министрі Сергей Кулагин болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау