Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев мемлекеттік тудың кейпіндегі Орта Азиядағы ең ірі көпірге барды

Павлодарға жұмыс сапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев құрылысы аяқталуға жақын Орта Азиядағы ең ірі көпірдің жағдайымен танысты, деп хабарлады КТК.

14482181_690610504421305_51554953470148608_n

Фото: akorda.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылуы тиіс, ұзындығы 13 шақырымға жуықтайтын бұл өткелмен облыс арқылы өтетін транзиттік көліктердің жолы 40 шақырымға қысқармақ. Ол “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансұлттық дәлізінің шығыс тармағындағы маңызды бөлігіне айналуы керек.

Жобаның жалпы құны – 54 млрд теңге. Орталық Азиядағы ең ірі көпірді іске қосу үшін 10 мың тонна металл, 30 мың текше метр бетон пайдаланылғанын айта кетейік. Құрылысқа атсалысқан Қазақстан мен Ресейдің мыңға жуық маманы бүгінде 95 пайыз жұмысты аяқтаған. Қазір көк және алтын түстерге боялып жатқан алып көпір кейін мемлекеттік тудың кейпіне енбек. Әрі “Тәуелсіздіктің 25 жылдығы” атын иеленбекші.

“Астанадан Павлодарға қарай автобан салынып жатыр. Ондағы жұмыстар да жақында аяқталады. Енді айтыңыздаршы, дағдарыс кезінде қай мемлекет осындай жобаларды іске асырады? Ал біз 5 жылда 7 мың шақырым жол төсейміз”, – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Сенаторлар бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударады

Назарбаев қызылордалық ертегіші қызға кітап сыйлады

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Талқылау