Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалар туралы сөз қозғаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «шенеунік» деген сөз ұнамайтынын айтты.

photo_183192

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Шынымды айтсам, маған «шенеунік» деген сөз ұнамайды. Шенеунік – патша заманы кезіндегі сөз, шеннен шыққан. Бізде мемлекеттік қызметші бар. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты не айтсақ та, олар халыққа қажеттінің бәрін қамтамасыз етіп отыр. Халық полицейлерге де, мемлекеттік қызметшілерге де жүгінеді. Сондықтан біз мемлекеттік қызметті құрметті, адал жүйе етуіміз керек», – дейді Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте 45 этностың өкілдері еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта да осындай үрдіс сақталатын болады.

Айта кетейік, Астанада «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбын арқау еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтіп жатыр. Сессияға 1500-ге жуық адам жиналды. Олардың қатарында Ассамблеяның барлық аймақтағы мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері, ғылым, шығармашылық өкілдері бар.

Сессия барысында Елбасы ұлт тақырыбында да сөз қозғап өтті.

“Ең бастысы ұлт емес, азаматтық. Азаматтық деген ол еліміздің барлық азаматы бір заңмен, Конституциямен өмір сүреді деген сөз. Бәрі осы бір ғана заңға бағынуы керек. Рим империясында азаматтар болды, ұлт емес. Тіпті латын тілінде «ұлт» деген сөз «жаңа туған» дегенді білдіреді екен. Ал біз осы «ұлт» деген мәселені не қылып жібердік? Сондықтан да, біртектілік дегеніміз өзінің ұлттық ерекшеліктеріңді жоғалтпау, тарихыңды, мәдениет пен тіліңді ұмытпау дегенді білдіреді. Ал азаматтықта – біз бірдейміз”, – деді президент.

Талқылау