Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Қытаймен бірге Қорғас өзенінің жанында су қоймасын салу туралы заңға қол қойды

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытайға Қорғас өзенінің аумағында бірігіп “Чуркубулак” (Алмалы) деп аталатын су қойманы салуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Stan.kz

Осыған дейін Қазақстан парламенті Қытаймен бірігіп су қоймасын салу туралы мемлекетаралық келісімді бекіткен болатын. Екі ел арасындағы келісім 2017 жылы  маусым айында қабылданған. Қазіргі уақытта келісім бойынша екі ел Қорғас өзенінің аумағында сел бөгейтін су қоймасын бірігіп салып жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше,  жобаның құны 11,7 миллиард теңгені құрайды. Су қоймасы  Қазақстан мен Қытайға бірдей тиесілі. Сонымен қатар, жобаны екі ел теңдей бірге қаржыландыратын болады.

 

Талқылау