Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қытайдағы сапарын үзіп, Өзбекстанға барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі, 3 қыркүйекте Қытайдағы сапарын доғарып, Өзбекстанға барады.

1471501688_a

Фото: matritca.kz

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

“Жоспардың кенеттен өзгеруі Қазақстан билігі өзбек президенті Ислам Каримовтың қайтыс болғанын қалай болғанда хабарлауына дайындалып жатқанын көрсетеді” деп хабарланған Қазақстан үкіметіндегі дереккөзге жасалған сілтемеде.

Азаттық Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен бұл ақпараттың анығын білмек болғанымен, баспасөз қызметі телефонға жауап бермеді.

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтың денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген.

Бұған дейін Өзбекстанның Бұқаралық Ақпарат Құралдарында өзбек басшысының қайтыс болғаны туралы ақпараттар екінші рет қайтара жарияланып, тіпті жерлеу рәсіміне дайындық барысынан суреттер де жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді. 

Бұған дейін Өзбекстан үкіметі Каримовтың 28 тамызда инсульт алып, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға G20 елдерінің саммитіне қатысу үшін 1 қыркүйек күні кешке барған.

Талқылау