Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қырғызстанның жаңадан сайланған президентіне жеделхат жолдады

Сооронбай Жээнбеков бейсенбі күні 59 жасқа толды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі атап өткендей, кеше, 16 қарашада саясаткер 59 жасқа толды.

“Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біз бауырластық пен ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қарым-қатынасымызды дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін.

Сіздің игі істеріңіз жемісті болсын, ал күш-қуатыңыз сарқылмасын. Осы сәтті пайдаланып, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір мен амандық тілеймін”, — деп жазылған құттықтау жеделхатында.
Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда президент болып сайланды. Ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев: Атамбаевтың айтқан кезекті сыны тек екі елдің бірлігіне кесірін тигізуде

Сотталып кеткен атышулы Қайрат Жамалиевтің жазасы тағы да жеңілдеді

Асылып өлуге дайынмын: Алматы облысының тұрғыны жетімдер үйіне өткен қызын қайтара алмай жүр

Талқылау