Назарбаев: Қырғызстан Жээнбековтің басшылығымен жаңа жетістіктерге жетеді

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 7:24

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғызстанның президенттігіне сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Назарбаев өзінің хатында Қырғызстан Сооронбай Жээнбековтің басқаруымен өзінің даму жолындағы жаңа белестерге шығатынына сенімділік білдірді.

“Мен, Қазақстан мен Қырғызстан арасында екі жаққа да тиімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасы одан ары өз жалғасын табатынына сенімдімін. Сізге жауапты мемлекеттік қызмет атқару жолында зор денсаулық пен жетістіктер, ал бауырлас қырғыз халқына ашық аспан мен амандық тілеймін”, — делінген Президент Назарбаевтың жедел хатында.

Қырғызстандағы Президент сайлауы 15 қазанда өтті. 16 қазандағы мәліметтерге сәйкес, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

Бұған дейін Жээнбеков те Қазақстан және Назарбаев туралы өз ойымен бөліскен болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар