Назарбаев: Құрбан айт – діни мереке ғана емес

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Өз сөзінде елбасы Құрбан айттың мұсылмандар арасындағы татулықты арттырып, өзара түсіністікке үндейтінін атап өтті.

«Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады», – дейді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент аталған мейрамның көп ұлттан құралған мемлекетіміздегі азаматтардың бір-бірін ұлты мен дініне қарамастан қадірлеуге септігін тигізетінін айтты.

«Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!», – дейді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар