Назарбаев Кубаға ресми сапармен барды

Жексенбі, 3 Сәуір , 2016 10:10

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті. Бұл туралды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

вмыфы

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеңейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді.

уке

ымымымым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Максат Жубанов says:

    Мұндай екіжақты келісімшарттан екі ел де оңды жақтарын көріп, талқылап, содан кейін қол қойды. Енді Кубамен сауда-экономикалық қатынасымыз нығаятын шығар

  • Марат Жанболатов says:

    Жасалған сапар оңынан болып, жемісін әрбір азаматымыз көрсе деп тілеймін. Куба да әлем елдерінде спорт бойынша да алдыңғы қатарда, үйренеріміз де үйретеріміз де бар

  • Жангулим Кырыкбаева says:

    Біріккен Ұлттар Ұйымына Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуды мақсат тұтып келдік, енді не де болса жолымыз болсынш осы жолы

  • Данияр Алпауыт says:

    Бұл тек қана Қазақстанға емес, Кубаға да пайдалы болып тұр, болмаса олар мұндай келісімшартқа отырмас та еді

  • Лаура Махметова says:

    Біздің дәрігерлердің біліктілігін арттыру қажет қазір. Кубада медицина жақсы дамыған екендігін ескерсек бұл бізге пайда тигізеді деп ойлайм

  • Шолпан says:

    Денсаулық мәселесі басты мселелердің бірі. Бір бірімен білімдермен алмасу дұрыс!

  • Бекзат says:

    Бұл жақсы болған екен! Не де болса, денсаулық жағына көңіл бөлу керек. Біздің дәрігерлердің білімін одан әрі кеңейту керек!

  • Арман says:

    Екі ел көшбасшыларының кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланып, тиімді келісім шарттар жасалды деп ойлаймын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар