Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынасты сақтаудың маңыздылығын айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездесу өткізіп, сыртқы барлау қызметіне тапсырма берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынасты сақтаудың маңыздылығын айтты

Ғабит Байжановты қабылдаған Елбасы сыртқы барлау қызметі атқарған жұмыс жайлы есепті тыңдады. Байжанов биылғы жылдың соңғы 6 айында атқарылған қызметтің негізгі нәтижелері  және  бұған дейін тапсырылған жұмыстардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Сыртқы барлау қызметінің мәлімдемесін тыңдаған Назарбаев Қазақстан мен көршілес мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Шет елдердің арнайы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастық қатынас жасау керек. Лаңкестік идеяларды ұстаушыларды, соның ішінде Сириядан келгендерді үнемі бақылап, қадағау қажет. Бұл сіздің жұмысыңыздың басты бағыты», – деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау