Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауын елімізде алдағы уақытта экономикалық қиындықтар күтіп тұрғанынан бастады
Және көршілес мемлекеттер арасындағы теке-тірестер мен санкциялардың кезінде еліміздің дұрыс таңдау, тың идеяларды пысықтап әрекет етуі керектігін атап айтты.
“Әлемдік экономика саясиланып кетті. Бір-біріне санкция салған мемлекеттер. Бұл бізге де әсер етері анық. Қалаберді, халықтың тынышы құрыды. Күнделікті бір елде террорлық шабуылдаулар мен бейкүнә адамдардың өлімі жайлы ақпарат үйреншікті жағдайға айналды”,-деді президент.
Президент халықты 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толатынымен құттықтады.
“Тәуелсіздік алған жылдары жағдайымыз бұдан да қиын болды. Дүкендер босап, халық нан мен киімге,тамаққа зар болды.Біз сол кезде қиындықты жеңе білдік. Сондықтан ендігісін де бірге жеңеміз. Сол кезде мұнайдың бағасы $10 болды. Біз осыдан кейін барып мұнай экспорттауды бастадық”,-деді президент.