Назарбаев кімнің «алқымынан алу» керектігін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін елордада өтіп жатқан съез барысында кедендік әкімшіліктің күңгірттігі туралы сөз қозғады. Ол сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік ортаға толық берілуге тиіс екенін айтты.

Назарбаев кімнің «алқымынан алу» керектігін айтты

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Кедендік әкімшілік: біздің мәліметтерге сәйкес, өңшең сандар. Кейбір сандар қытайша. Мұнда миллиардтаған айырмашылық бар, өйткені ешкім оны нақты білмейді. Ал сұрай бастасаң, қандай-да бір басшылар кеденді ұстайтын болып шығады. Ол қандай басшылар? Олардың аты-жөнін атаңдаршы. Және оларды алқымынан алып, артынан қылмыстық қудалау түсіріңіздер. Онда біз бірнеше жүз миллиард теңге ала аламыз », – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, ол басқа бюджеттік шығындарды да оңтайландыру қажет екенін және қымбат тұратын нысандарды қаржыландыруды доғару керектігін айтты.

«Орташа алғанда, бізде мемлекеттік сатып алулар төрт триллионды құрайды. Барлығы бір жерден. Олар осы салада жұмыс істей бастап еді, бюджетке ақша түсе бастады. Мемлекеттік сатып алуларды бәсекелестік ортаға толығымен беріп, одан қаражат алу керек. Үкімет пен министрлік осыны есте сақтаңыздар», – деді елбасы.

Айта кетсек, бүгін, 27 ақпанда, Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Съез барысында Назарбаев бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, елбасы «халықтың бақытты екенін ертең емес, бүгінгі күні көргісі келетінін» айтты. Жалпы, Назарбаев бүгінгі «Нұр Отан» съезінде маңызды не айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр