Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Халықтың не қалайтынын қалайша сезінбейін

Нұрсұлтан Назарбаев президенттің қандай болуы керек екенін айтып, өз пікірімен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Назарбаев: Халықтың не қалайтынын қалайша сезінбейін

«Ешкім президент болып тумайды, президент болып қалыптасады. Мұнда адамға бір ғана жеке қасиет жеткіліксіз. Ол жауапкершілігі жоғары адам болу керек. Президент – бұл миллиондаған адамның тағдырымен байланысты шешім қабылдайтын ерекше саясаткер. Ол бұл жауапкершілікті түсіне білуі және уақыттың тынысын, өз халқыңның тіршілігін түсініп, сезінуі қажет», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өзі жайында айта келе халқының не қалайтынын, олардың жан-дүниесін сезінбеуі мүмкін еместігін атап өтті.

«Мен шалғайдағы қарапайым ауылда өскен қазақпын. Жұмысшы болат қорытушыдан бастап, мемлекеттік басқару билігінің барлық сатысынан өттім. Бүкіл Қазақстанды, барлық облысты, барлық ауданды, барлық ауылды аралап шықтым. Осы жылдардың ішінде барлық жерде мені таныды. Мен халықтың не қалайтынын қалайша сезінбейін» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Отан туралы өлеңдер

Талқылау