Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Халыққа жасайтын ең басты жақсылығымыз – жұмыспен қамтамасыз ету

Халыққа жасайтын ең басты жақсылығымыз – жұмыспен қамтамасыз ету. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

20160909120624

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жайына баса көңіл аударды.

“Ақпарат құралдарында да жарияланды. Мен әрбір облысқа барғанымда ең бірінші маған жасайтын баяндама қанша жұмыс орны құрылғандығы жайында болуы керек. Әр аудан мен ауылдардың арасында кім қанша жұмыс орнын құрғандығы жөнінен бәсеке болуы керек. Біздің халықа жасайтын ең жақсылығымыз сол. Басқасын өз қолымен жұмыс істеп, қаражатын тауып, бала-шағасын асырауы керек”,- деп атап өтті ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі ең негізгі басымдықтың бірі болып қала беретіндігін баса айтты.

“6 жылдан астам уақыттан бері “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Мұны білесіздер. Оның аясында ондаған мың шағын және орта бизнес 270 млрд. теңге сомасына қолдауға ие болды. Келесі бағдарлама – “Жұмыспен қамтудың жол картасы” жүзеге асырылуда. 5 жылдың ішінде оған 450 млрд. теңге, оның ішінде ағымдағы жылда ғана 218 млрд. теңге бөлінді”, – деді Н.Назарбаев.

ҚР Президентінің мәліметтерінше, бүгінгі күні аталған бағдарламалардың арқасында 722 мың адам жұмысқа орналасса, оның ішінде 518 мың адам тұрақты жұмыс тапты.

“Бізге бұл бағдарламаларды одан ары дамыту, қолдау тетіктерін жетілдіру қажет”, – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыздар:

Елбасы әкімдерге жастарды оңтүстіктен солтүстікке белсенді түрде орналастыруды тапсырды

Назарбаев Мәсiмовтiң ҰҚК-нің төрағалығына тағайындалу себебiн түсiндiрдi

Талқылау