Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2016 жылмен құттықтады

Президент  2015 жылдың соңғы минуттарында  өткен жылды қорытындылады. Онда  өткен жылдың  халқымыз бен Қазақстанға  берген оң нәтижелерін айтты.

президенттттттт

Президент өз сөзінде өткен жылдағы еліміздің  жеткен жетістіктерін атап өтті.

«Санаулы сәттерден соң біз жаңа – 2016 жылға қадам басамыз!Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды. Қазақстан дағдарысқа қарамастан, өзінің құтты қадамын жалғастырды»,-деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың елімізге берген қуаныштарын да атап өтті.
«Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға әйгіледік. Ұлы Далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлықтадық. Бақ-берекеміздің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақтың санасына сіңірдік. Қазақтың үшінші ғарышкері көк жүзіне самғап, мерейімізді өсірді. Саудамыз сапалы, тауарымыз тартымды болуы үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болдық. Биылғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дәлелдедік»,-деді Назарбаев.
Сөз соңында жаңа 2016 жылға арналған тілектерін айтты.

«Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді. Еліміз келер жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығады. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде әлемге танытты. Бағытымызды белгілеген Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді. Алдағы Мешін жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін!»,-деп қорытындылады президент.

Талқылау