Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Кей еркектер баласына берілетін көмекақыға өмір сүруге үйреніп алған

Қазақстан президенті елде жүргізілетін әлеуметтік төлемақыға көңілі толмайтынын айтып өтті.

акшааа

«Әлеуметтік көмек төлемдерін жүргізудің жаңа  жүйесін орнатамыз. Көмек ретіндегі төлемдердің көлемі әр отбасының кіріс табысына байланысты есептеледі. Көмек берілетін отбасылардың мүшелері жергілікті жұмыспен қамту орнына тіркеуге алынады. Яғни тек ақысын төлеп ғана қоймайғолар біздің барлық бағдарламаларымызға қатысып, үйренуі керек», – деді президент.

«Көпбалалы, азқамтылған отбасыларға бірдей сомадағы көмекақы беріледі. Қазір төлемдердің көптігінен бас қатып кетеді. Растау қағаздары үшін  қанша жүрдік, мен тіпті ұмытып та қалдым. Қазір кей еркектер балалардың көмекақысына өмір сүріп үйреніп қалды. Нан мен сүтке жетіп тұр ғой, жұмыс істеп қайтеді?», – деп өз сөзін толықтыра түсті президент.

Жаңадан жасқталған тұрғын үй саясаты,  жалға тұру баспаналары есебінде тұрғызылады, деп жалғастырды Назарбаев сөзін. «Жалға берілетін үйлер азаматтардың  әлем бойынша  мобильді болуына ықпал етеді: бүгін ол осында жұмыс істесе, бұл үйге байланып қалмайды, ол басқа қалаға барып сол жақтан баспана жалдайды, осылай жалғасып кетебереді», – деді президент.

Өткізбеңіз:

Назарбаев қаласа бір доллардың құнын бір теңгеге теңестіре алатынын айтты

Назарбаев халықтың ақшасына қол сұққан шенеуніктерді сынға алды

Назарбаев зәулім сарайға ұқсап салынған балабақшалардың құрлысына шүйлікті

Талқылау