Назарбаев кеткен жоқ: сарапшы елбасының өкілеттігін тоқтатуы жайлы

Ол кетті, бірақ әлі де қалды. Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Facebook парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.

Назарбаев кеткен жоқ: сарапшы Қазақстан президентінің отставкаға кеткені жайлы

Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуы тосыннан болмады. Бірнеше жыл бойы үкімет саяси және конституциялық маневрлар жасады. Биылғы жылдың ақпанында Қазақстанның Конституциялық Кеңесі президенттің өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды, дейді Досым Сәтпаев Ресейдің BBC телеарнасына берген сұхбатын еске түсіріп.

Назарбаевтың әкімшілігі Конституциялық кеңестен президент өз еркімен отставкаға кете ала ма деген қызығушылық танытты. Ал кеңесте кете алатынын хабарлады.

«Сол кездің өзінде отставкаға кетуге дайындалып жатқаны туралы айтуға болар еді», - дейді Сәтпаев.

Сонымен қатар, Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің жетекшісі болып қала береді, себебі оның өкілеттігі кеңейтілген болатын. Сонымен бірге, ол «Нұр Отан» партиясының да басшысы болып қала береді.

Бұдан басқа, Назарбаевта 2010 жылы заңды түрде берілген ұлт көшбасшысының мәртебесі бар.

«Сол кездің өзінде бұл билік транзитінің жүйесін құрудағы алғашқы қадам болды», - деді саясаттанушы. 

Конституцияға сәйкес, ҚР Президенті лауазымына келесі адамды сайлау алдында президенттің міндетін парламент спикері атқарады. Бұл жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаев келесі сайлауға дейін президенттің міндетін атқаратын болады. Бірақ, саясаттанушы Назарбаев Тоқаевты  өзінің мұрагері етіп тағайындады деп есептемейді.

Ал келесі президенттік сайлау 2020 жылға жоспарланған.

«Бұл өте қызықты шиеленіс болғалы тұр: біз президенттік сайлауға кімдердің қатысатынын және қатыспайтынын көреміз», - дейді сарапшы.

«Аса көп уақыт қалған жоқ. Сайлауда біз нақты мұрагерлерді көретін боламыз», - деді Сәтпаев.

Саясаттанушышың сөзінше, кез-келген жағдайда, Назарбаев орнынан кеткенімен саяси жүйені бақылаудан шығармайды.

«Оның кетуімен президент лауазымы кенеттен екінші дәреже болып қалды», - деді Сатпаев.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдан бері ел басқарып және президенттік сайлауда бес рет жеңіске жеткен болатын.


Тағы оқыңыз: Тарихи сәт: Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды (видео)

Қазақстандықтар теңгенің құлдырауынан қорқады: Ұлттық банк мәлімдемесі

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр