Назарбаев: Кеңес Одағын қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ екен

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 8:54

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев польшалық бизнесмендерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жұмыстың артықшылықтарын түсіндірді.

10930778

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Егер біз сіздермен бірге қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдесек, Қытайға, Орталық Азияға, Ресейдің батысы мен солтүстігіне сатуға болады, бұл өте тиімді болар еді. Польшаға Еуразиялық экономикалық одақтың несі ұнамайтынын білмеймін. Бұл іске бастамашылық еткен менмін. Ресей қайта Кеңес одағын жинап жатыр дейді біреулер. Мүмкін Кеңес Одағының құлағанын қаламайтындар бар шығар, алайда оны қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ, себебі бұл мүмкін емес. Сондықтан Еуропада бұл жайлы дұрыс түсінік бар деп ойламаймын», – деп мәлімдеді бизнес-форумда Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды түзету үшін күзде «Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті» жақындату конференциясы өтетінін хабарлады.

«Достар, сіздер мынаны түсінулеріңіз керек. Біріншіден, ЕАЭО – бұл 180 млн халық, 2,5 трлн ІЖӨ, Кеден одағы, ашық және еркін шекаралар. Бұл интеграция, басқа ештеңе емес. Әрине, Еуразиялық одақ жасайық деген саясаткерлер де болды. Мен: «Жоқ тек экономикалық» дедім. Біз тәуелсіздігімізді Польшадан кем қадір тұтпаймыз», – деп атап өтті Назарбаев.

Оның айтуынша, егер польшалық компаниялар ЕАЭО-да жұмыс істесе, онда 180 млн халықпен нарық пайда болады. «Саясаттан бір сәтке алыс кетейікші. Егер агроөнеркәсіптік кешен өнім өңдесе, біз қосымша құнды көтереміз, бұл барлығына пайда әкеледі», – деп сөзін түйіндеді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Президент өзін тыңдап отырғандарға неміс, қазақ, украиндық жайлы анекдот айтып берген

Назарбаев Жер кодексіне қатысты мораторийды 5 жылға ұзартты

“Біздің кеңес одағында” деп сөйлеген Қарағұсова тағы да жұрттың сынына ұшырады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Ершат says:

    Барлығы да елдің қамы үшін, отырып алып аузына келгендерді бөсетіндер не айтса оны айтсын

  • Nazym says:

    Ой кертартпалалрым-ай, елдің даму жағына жүрейін десе жолына таяқ лақтырады ей осылар

  • Ләйлә says:

    Еуразиялық одақтың елдердің экономикасын жақсартып қана қоймай, оны дамытуға да өзіндік әсерін тигізеді.

  • Айсана says:

    Бұл осы одаққа мүше елдер үшін расымен тиімді. Сол елдердің кәсіпркелеріне өз кәсібін дөгеллетуге берілген үлкен мүмкіндік деп есептеймін.

  • Данияр says:

    Қалайда ауыл шаруашылық өнімін арттыру керекпіз. Бұл тұста Польшамен біріге жұмыс жасаған екі жаққа бірдей пайдалы.

  • Насыр says:

    Тәуелсіздігін қадір тұтпайтын ел жоқ шығар. Сондықтан қателеспей, кез келген нәрсені дұрыс түсінсек деймін.

  • Айдана says:

    Елбасымыз тұрғанда мұндай бассыздыққа жол бермейтініміз анық.

  • Манатбек says:

    Елбасымыз жіктеп түсіндіріп берген екен. Әрине, ол мүмкін емес дүние.

  • Айғаным says:

    Расында да, Кеңес одағы мен Еуразиялық экономикалық одақты шатастыруға болмайды. Біз үшін тәуелсіздіктің бағасына тең келетін ештеңе жоқ.

  • Марат says:

    СССР құруға және мүше болуға ешкімнің құлшынысы жоқ, біз Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды, лайым жалғасын тапсын.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар