Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Кемеровода болған қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айтты

ҚР президенті қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, Владимир Путинге жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Кемерово қаласындағы ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін”, – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Ресейдегі Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан, соңғы мәліметтерге сәйкес, 53 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда көлік жүргізу құқығынан айырылған шенеунік тағы да рөлге мас күйінде отырған

Алматыда көлік жүргізушісі желі арқылы түскен шағымнан кейін айыппұл төлейтін болды

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Павлодарда ұрыны ұстап алған кондукторларға сыйақы беріледі

 

Талқылау