Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қазақтар және қазақстандықтар ешқашан қазіргідей жақсы өмір сүрмеген

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтар және қазақстандықтар ешқашан қазіргідей жақсы өмір сүрмеген деп есептейтінін айтты.

11002840

Сурет ҚР президентінің ресми сайты

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Мына мінбеден қазақтар және қазақстандықтар ешқашан дәл қазіргідей жақсы өмір сүрмегенін қайталап айта аламын”, — деді Назарбаев Астана экономикалық форумының жалпы отырысында.

Қазақстандық көшбасшы республика тәуелсіздігін алған кезде ешкім “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болатынына” сенбегенін және іс жүзінде оның институттары мен экономикасын нығайту “өте қиын іс болғанын” еске салды.

“Біз өте күрделі жолды жүріп өтіп, қазіргі таңда табыс деңгейін арттырып, үздік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірдік. Осы уақыт ішінде біз әкімшілік командалық басқару арқылы артта қалған экономикалық жүйені өзгертіп, ашық нарықтық экономикаға иек арттық. Бұл өте қиын болды. Біз көп нәрсе жасадық, әлі де көп нәрсе жасауымыз керек”, – дейді президент.

“Тәуелсіздік жылдарында жалақы 17 рет жоғарылап, 2 миллион жұмыс орыны ашылды”, – деп атап өтті Елбасы.

Президент Қазақстанның керемет экономикалық мүмкіндіктері мен осы бағытта жасалған оң қадамдар қиын жолдарды басып жеңіп өтуге мүмкіндік бергенін де айтты.

Талқылау