Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады

Астанада бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының форумы өтті. Форумда мемлекеттік хатшы президенттің құттықтауын оқып берді.

1256179

Фото: Болат Шайхинов

“Алғыс айту күні – біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде пайда болған ерекше күн. Біз бұл күнді атап өту арқылы бір жағынан өткенге көз салып, біздің халқымыздың рухани қаһармандық ерлігіне тиісті баға береміз. Ал екінші жағынан болашаққа сеніммен көз саламыз. Мен тәуелсіз елді бірге аяғынан тұрғызып келе жатқан қазақ халқына алғысымды білдіремін”, – делінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында.

Алғыс айту күні Қазақстан президентінің жарлығымен 2016 жылы 14 қаңтарда енгізіліп, Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған 1 наурызға белгіленген еді.

 

Талқылау